14 қараша 2023 | 11:22

"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшылығы тұрғындарды бопсалаған - ҚМА

видео кадры

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен. Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша соталды тергеу тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная