ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2022 | 09:05
Kcell мен Beeline желідегі ақаулардың себебін түсіндірді
Қазақстанның ұялы байланыс операторлары Kcell мен Beeline 4 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде байқалған желідегі ақауларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның ұялы байланыс операторлары Kcell мен Beeline 4 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде байқалған желідегі ақауларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Beeline желіге қолжетімділіктің шектелгені туралы сауалға Twitter-де мобильді интернеттің жұмысындағы ақаулар "компанияға тәуелді емес себептерге" байланысты деп жауап берді.
"Қазір біз компанияға тәуелді емес себептерге байланысты мобильді интернет қызметін көрсетуде шектеулерге тап болдық”, - деп жазды Twitter-де.
Kcell-де желідегі ақаулар елдегі жағдайға байланысты деп түсіндірді.
"Қазақстан Республикасының Байланыс туралы Заңының 41-1 бабы 1-2 тармағына сай, Қазақстан Республикасының құзырлы органдары антитеррорлық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін желілердің жұмысын және байланыс қызметін көрсетуді тоқтату шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Kcell.
Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған. Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендегені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также