02 тамыз 2019 | 17:24

Кеденде салықтан жалтару үшін қолданылатын ең ерекше қулықтар аталды

Камила Долаева Журналист
©Ярослав Радловский

Кеденде салықтан жалтару үшін қолданыланын ең ерекше қулықтар аталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеденде салықтан жалтару үшін қолданыланын ең ерекше қулықтар аталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады. 

Сонымен ведомство өкілдерінің айтуынша, бір адамдар әйелдер туфлиінің бір жұбы үшін 3 келі бойынша декларацияланған, ал тағы бірі ерлер галстугінің 1 данасы үшін 65,6 келі декларацияланған. Сонымен қатар, Рубик кубигі - 1 данасы үшін 15,1 келі, ересектерге арналған шақпақ (зажигалка) - бір данасы үшін 12,6 келі салмағымен декларацияланған.

Реклама
Реклама

Ақпарат бойынша, кеденде баждардың кейбір ставкалары тауардың салмағына не санына байланысты болып келеді.

2019 жылдың басынан бері "АСТАНА-1" АЖ-да бағалық ақпаратты автомат түрде іздеу модулі іске қосылды, мұнда бағалық ақпарат бағдарламамен Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағы бойынша ресімделген біртекті және бірдей тауарлардың қорын мониторингтеу жолымен ұсынылады. 

Мемлекеттік кірістер органы жұмысының басымдылығы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет, оның ішінде әсіресе Қытайдан импортталатын мәлімделген тауарлардың шынайылығын қамтамасыз ету.

ҚР ҚМ МКК Кедендік әдіснама департаменті Кедендік құн және тарифтік реттеу басқармаcының басшысы Серік Суменовтің айтуынша, жыл басынан бері кедендік құнды бақылауды күшейтудің есебінен қосымша - 10,1 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. Олардың 4,9 миллиард теңгесі ҚХР-дан әкелінген тауарлар бойынша өндірілген.

"Тауар айналымын талдау және декларациялаудың деректер қорының мониторингі адал емес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарлардың салмағы мен санын айла-амал жолымен кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша шаралар қолданатынын көрсетті" - деді Суменов.

Қазіргі уақытта, аталған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтардың тиесілі сомасын қосымша есептеу мақсатында барлық қажетті бақылау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, болашақта аталған СЭҚҚ-мен тауарларды кедендік ресімдеу кезінде "АСТАНА-1" АЖ-дағы жасыл дәлізді қолдануға жол берілмейді. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, аталған СЭҚҚ-ларға қатысты кедендік және салықтық бақылаудың барлық қажетті шаралары қолданылатын болады.  

"Шынайы декларациялауды және тауарлардың кедендік құнын бақылауды қамтамасыз ету Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің басты басымдылықтарының бірі екенін атап өту қажет, және бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, - деп қосты Серік Суменов.

2018 жылдың басынан бері "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Аталған жүйе тауарларды кедендік тазарту процессін автоматтандырды. Сонымен, кедендік бақылауды жүргізу кезінде барлық мүмкін болатын тәуекелдер болмаған жағдайда, тауарларға арналған декларация "жасыл дәлізге" жіберіледі, яғни автоматты түрді шығарылады. Аталған жаңа енгізілім кедендік бақылауды жүргізу кезінде адами факторды барынша азайтуға мүмкіндік берді, сонысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтты.

Қазіргі таңда шамамен 70 пайыз тауарларға арналған декларация жасыл дәлізде шығарылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная