ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2022 | 16:19
Кедендегі олигополияға қарсы күрес: 7 оператордан шамамен 60 миллиард теңге өндірілген
Кедендегі олигополияға қарсы күрес аясында жеті оператордан шамамен 60 миллиард теңге өндірілді. Бұл туралы комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кедендегі олигополияға қарсы күрес аясында жеті оператордан шамамен 60 миллиард теңге өндірілді. Бұл туралы комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми өкілдің айтуынша, Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия Үкіметтің актілері мен сот шешімдерін, оның ішінде олигополия пайдасына мемлекеттік активтерді жекешелендіру және иеліктен шығару туралы зерттеулерді жалғастырып жатыр. Олардың кейбіреуі бойынша, қабылданған шаралар арқасында нәтиже бар.
"Бұған дейін Бас прокуратура жүргізген тексеру нәтижелері бойынша 10 уәкілетті экономикалық операторға 107 миллиард теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қоса есептелгені хабарланды.
Биыл тамызда алты оператор (Almobi Group ЖШС, Ехpress Кеден Сервис, Group of the companies TDA, Ai-To Progress, Global Logistics Ved және TL NIKA кеден) бюджетке 2,7 миллиард теңге төледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралар арқасында "Тех Альянс" ЖШС операторына қатысты тергеу аясында биыл 2-15 қыркүйек аралығында 56,9 миллиард теңге өндірілді. Сома бюджетке түсті", - деді Зейін Әліпбек.
Бұдан бөлек, қадағалау актісі бойынша мемлекет кірісіне "СП КазГерСтрой" ЖШС-нен Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігі алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін 330 миллион теңге мөлшерінде залал өндірілді. СҚО әкімдігі теңгеріміне "Қызылжар орман шаруашылығы" КММ-нің 149 миллион теңгеге TranscomLTD ЖК пайдасына заңсыз иеліктен шығарылған мемлекеттік мүлкі қайтарылды. Сатып алу-сату шарты бұзылған.
Комиссия жұмыс істеген үш айдың ішінде мемлекетке келтірілген залал өтелді және жалпы сомасы 523 миллиард теңгеден асатын мүлік қайтарылған.
Қылмыстық істерді тергеу аясында мемлекетке 518 миллиард теңгеге жуық шығын өтелгені, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан алынғаны 173 миллион доллар екені атап өтілді.
"Прокурорлық актілерге сәйкес жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын 75 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, сондай-ақ 600-ден аса теміржол желісі мен оған қатысты жер телімдері қайтарылды", - деп толықтырды Әліпбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также