KEGOC-ке жүргізілген тексерістің қорытындысы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/KegocJsc

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті KEGOC қазақстандық компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, KEGOC АҚ-қа қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды", - делінген хабарламада.

KEGOC-ке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 164-бабы төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілгені айтылды.

Реклама
Реклама

Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, KEGOC-ке 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная