Кейкі батырдың бассүйегі нақты қашан жерленетіні белгілі болды

Кейкі батырды? басс?йегі келесі жылды? ?ырк?йегінде жер ?ойнына тапсырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысы ?кіміні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Кейкі батырдың бассүйегі келесі жылдың қыркүйегінде жер қойнына тапсырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, Кейкі батырды жерлеу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. 

Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде белгілі сәулетшілер мемориалды кешенінің сызбасын даярлап жатыр. Ең үздік сызба таңдалғаннан кейін, мамыр айында құрылыс жұмыстары басталады. Мемориал батырдың ұрпақтары салған кесенеге жақын орналастырылады. 

Реклама
Реклама

"Жаңа мемориал кешенінің құрылысы келесі жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Үкіметпен келісілгеннен кейін қыркүйек айына салтанатты шара мен атақты батырды жерге тапсыру жоспары бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері.

Баспасөз қызметінің өкілдері ҚР үкіметінің тапсырмасымен атақты батырды жерлеу бойынша салтанатты шаралар жоспарланғанын еске салды. Қазіргі кезде батырдың бассүйегіне генетикалық сараптама жасалып, оның бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстары өтіп жатыр. "Келесі жылдың көктемінде Мәдениет және спорт министрлігі Кейкі батырдың денесін іздеу экспедициясын құрады. Оның денесі Амангелді ауданындағы Жалаулы жерінде жатқаны белгілі", - деп айта кетті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мұның алдында, 6 қазан күні 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс әскерінің басшысы Кейкі батырдың (шын аты Нұрмағамбет Көкембайұлы (1871-1923) бассүйегі 93 жылдан кейін иуған жеріне әкелінгені хабарланған. Осы уақытқа дейін ол Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада сақталып келген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама