"Кекшіл" депутаттар Әділет министрімен жарты жыл бойы амандаспай қояды

Тengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР Әділет министрі Берік Имашев кәсіби саладағы келіспеушіліктерге байланысты кейбір депутаттардың өзімен жарты жылға дейін амандаспай қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның кеңейтілген отырысына Парламенттің қос палатасының да өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сөз сөйлегеннен кейін министр: "Ақ жол" фракциясына алғыс айтқым келеді, ведомствоаралық комиссияда заң жобасы қызметін талқылаған кезде теріс баға алса, сіздің фракция оны жеке қарым-қатынас деңгейіне жеткізбейді", - деді. 

"Кейбір депутаттар бар, біз қорытынды шығарған кезде оны жеке қарым-қатынастарға ауыстырып, амандаспай қояды, арасында менімен 20 жылдан бері дос болып жүргендер де бар. Байқағаным, шамамен жарты жылдан кейін қайтып сөйлесе бастайды", - деді Имашев. 

Реклама
Реклама

Министр депутаттардың шенеуніктерден "кек алатынын" айтты. "Бір жағынан біз сіздердің ведомствоаралық комиссиядағы ұстанымымыз үшін жалпы отырыста оған қатты сөз қайтаратындарыңызды түсінеміз. Бірақ екінші жағынан заң шығару процесі -шығармашылық, ол жерде эмоцияның да болатыны да белгілі", - деді ол. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама