16 қыркүйек 2022 | 11:45

Келесі Президент билік ету мерзімін өзгерте алмайды - министр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото : Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл және президент тек бір рет сайлануы мүмкін деген Конституцияның ережесі өзгермейді. Келесі президент те, кейінгі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды", - деп түсіндірді Мусин.

Ол Конституцияда, 94-бапта, 1-ескертпеде өзгермейтін нормалар жазылатынын түсіндірді. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

Реклама
Реклама

"Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды. Бұл Конституциялық соттың құрамына байланысты болмайды", - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол елорданың атауын кейін өзгертуге болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная