Келесі жылы Қазақстан аусылдан азат аймаққа айналуы мүмкін

© Arnapress.kz

Келесі жылы ?аза?стан Халы?аралы? эпизоотикалы? бюро шешімімен аусылдан азат айма? болып танылуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л жайында Ветеринарлы? ба?ылау ж?не ?ада?алау комитетіні? т?ра?асы Мереке Тайтубаев ?кімет отырысы барысында м?лімдеді.

Келесі жылы Қазақстан Халықаралық эпизоотикалық бюро шешімімен аусылдан азат аймақ болып танылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Мереке Тайтубаев Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, өңірлердегі эпизоотикалық жағдайдың отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктеріне және ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге тікелей әсері бар.

Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) шешімімен республиканың 9 облысының аумағы ресми түрде вакциналаусыз аусылдан азат аймақ болып танылды, олардың арасында Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар және Маңғыстау облыстары.   

Реклама
Реклама

Қалған 5 облыс бойынша ауқымды жұмыс жасалды, нәтижесінде Министрлік Халықаралық эпизоотикалық бюроға вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуға толық құжаттама жіберді. Соңғы шешім 2017 жылдың мамыр айында ХЭБ Бас сессиясында қабылданады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің жасаған жұмысының нәтижесіне қарайтын болсақ, перспективалар бар, ал жалпы соңғы шешім келер жылдың мамыр айында қабылданады, себебі шешімді барлық мүше елдер қабылдайды", - деді Тайтубаев үкімет басшысының аусылдан азам аймақ ретінде танылған тоғыз өңірден өзге облыстардағы жаңдай туралы сұрағына жауап бере отырып.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама