28 қаңтар 2022 | 18:45

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Үкімет қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Сонымен қатар, Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын аяқтаған.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС корреспонденті болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-де, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2016-2017 жылдары - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары - "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная