04 мамыр 2022 | 12:23

Кен орындары жақын арада таусылады - экология министрі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстандағы толықтырусыз игерілген кен орындарының қоры қысқа мерзімде таусылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстандағы толықтырусыз игерілген кен орындарының қоры қысқа мерзімде таусылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геологиялық саланың алдында тұрған негізгі міндет - қорлардың төмен орындалуы. Өндірістің қазіргі деңгейінде тиісті толықтырусыз көптеген игерілген кен орындарының қорлары жақын арада таусылады", - деді министр үкімет отырысында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025-2040 жылдарға қарай Шығыс Қазақстанда қала экономикасына әсер ететін Орлов, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное кен орындары игеріледі.

Реклама
Реклама

"2020-2022 жылдары мемлекеттік салымдардың көлемі 30 миллиард теңге болды. Бұған қарап соңғы жылдары мемлекеттік инвестициялардың ұлғайғанын байқаймыз. Дегенмен, Қазақстан бір шаршы километрге арналған геологиялық барлауға мемлекеттік инвестициялардың төмен көрсеткішімен сипатталады. Бұл 11 доллар, салыстыру үшін, Аустралияда - 167 доллар, Канадада - 203 доллар", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная