09 қаңтар 2024 09:28

Кеңдала ауылындағы қоғамдық тыңдаулар соңы дауға айналды

©️ instagram/talgar_akimat

Алматы облысындағы Талғармен шектесетін Кеңдала ауылында жаңа бас жоспар мәселесі талқыланған қоғамдық тыңдаулар соңы дауға айналды. Видео kris_p_talgar-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Талғармен шектесетін Кеңдала ауылында жаңа бас жоспар мәселесі талқыланған қоғамдық тыңдаулар соңы дауға айналды. Видео kris_p_talgar-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео сипаттамасында жергілікті билік Кеңдала ауылдық округіндегі саяжайларға ауыл мәртебесін бергісі келетіні, сондықтан тұрғындарға жаңа бас жоспар ұсынылғаны айтылған. Алайда, үйлері сүрілетін тұрғындар өтемақы мөлшерін нақты айтпағандықтан, мұнымен келіспейді.

Бұл - осы мәселе талқыланған бірінші тыңдау емес екен. Бірақ бұл жолы шараны ұйымдастырушылар "дауыс беру өткізуді ұйғарған". Бөлмедегі кез келген адам дауыс бере алады. Ал мұндай маңызды кездесу туралы оларға бір күн бұрын ғана хабарланған.

Реклама
Реклама

Бейнежазба авторлары кездесуде саяжайларға еш қатысы жоқ адамдар да жиналғанын алға тартады. Ал кейбір жеке тұлғалардың әрекеті арандатушылық екені айтылған.

"Адамдар келді, олардың көпшілігі саяжай аймағындағы жылжымайтын мүлік иесі емес. Неге олар шешім қабылдап, қол қояды? Бұл қандай дауыс беру? Неге ел билігін арқалаған адамдар меншік иесінің құқығын бұзады?" – деп таңғалды пікір қалдырғандардың бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram