ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2019 | 15:12
Кеңес Рақышев СІМ басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Кеңес Рақышев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеңес Рақышев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеңес Рақышев ерікті негізде инвестицияларды тарту мәселелері бойынша министрге кеңес беріп отыратын болады. Ол штаттан тыс қызметкер болғандықтан жалақы алмайды. Рақышев - бүкіл әлем бойынша ауқымды іскерлік байланысқа ие ірі кәсіпкер", - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, қазанда Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясы басшысы лауазымына тағайындалған.
Кеңес Рақышев - 1979 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Қазақстанның Сауда палатасын басқарған мемлекет және қоғам қайраткері. Рақышев Қазақстан мемлекеттік академиясын аяқтап, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін заңгер және экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кеңес Рақышев - кәсіпкер, инвестор, Fincraft өндірістік холдингінің басқарма төрағасы. Кәсіпкер Fastlane Ventures ресейлік ірі венчурлық қорының директорларының мүшесі және Genesis Angels ірі венчурлық қорының бірлескен құрылтайшысы.
Показать комментарии
Читайте также