27 қыркүйек 2024 | 09:34

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ұлытау өңіріндегі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау өңіріндегі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде су қоймасын мемлекет меншігіне беру процесі аяқталуға жақын. Жылдың аяғына дейін нысан Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің "Қазводхоз" республикалық кәсіпорнының балансына берілуі тиіс.

"Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады және жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның ұтымсыз пайдаланылуына және онымен байланысты экологиялық мәселелерге алаңдайды. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда тұр. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарып, бірінші кезекте бар проблемаларды шешу бойынша одан әрі шараларды анықтау үшін оның көп факторлы зерттеуін жүргіземіз", - деді Нұржан Нұржігітов.

Реклама
Реклама

Кеңгір су қоймасы - Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Су қоймасы 1952 жылы құрылған. Ол ағынды көпжылдық реттеуді жүзеге асырады. Энергетика және суару үшін қолданылады. Су қоймасының көлемі 319 миллион текше метр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram