ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2023 | 11:57
Кепілмен босатылған Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды
Таразды ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп отырған "Таразэнергоцентр" АҚ-ның экс-төрағасына іздеу жарияланды. Ақпаратты Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таразэнергоцентр" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов пен оның ұлына бақылаудағы ұйымның директоры Рахат Бөлдешке заңсыз монополиялық жолмен жоғары кіріс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңгені жымқырды және жалған кәсіпорындар құрған желі арқылы ақшаны жылыстатты деген айып тағылған болатын.
Өткен жылдың соңында Мәуленов кепілдікпен босатылған. Соттың баспасөз қызметі оның жақында сотқа келуі тиіс болғанын, бірақ келмегенін растады.
"Сот қаулысымен іздеу жарияланды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Оған қатысты бұлтартпау шарасы "қамаумен" ауыстырылғаны атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также