22 ақпан 2023 17:50

Кешірген жоқпыз - Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен төбелесте зардап шеккен заңгер

Дина Шарипханова Корреспондент
Даулет Турлыханов. Фото:uww.asia/Куәгер түсірген сурет

Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталына Анна Чернова (Димитриевич) айтып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталына Анна Чернова (Димитриевич) айтып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға баратын болып келістік. Әзірге жаңалық жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр.

Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек", - деді Чернова.

Еске салайық, бір апта бұрын Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған.

Реклама
Реклама

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған болатын.

Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram