ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2022 | 08:51
Кешірім қабылданды - Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісінің сөзіне байланысты
Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы резонанс тудырған сұхбатына қатысты мәселенің шешілгенін, ресейлік тараптың кешірімі қабылданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы резонанс тудырған сұхбатына қатысты мәселенің шешілгенін, ресейлік тараптың кешірімі қабылданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алексей Бородавкинмен тиісті әңгімелер жүргізілді. Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресей елшісінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та осы мәселе бойынша түсініктеме берді. Бұл мәселе шешілді. Ресей тарапының кешірімі қабылданды. Біздің қарым-қатынастарымызды мемлекет басшылары айқындайды", - деді Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан Президентінің Мәскеуге сапары барысында мемлекет басшылары дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойғанын атап өтті.
"Президентіміз атап өткендей, осы уақыт ішінде біздің мемлекеттеріміз берік достық пен тату көршілік байланысқа негізделген өзара тиімді стратегиялық серіктестік құра алды, екі ел арасында сенімді сындарлы диалог орнады, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Арамызда өткір мәселе жоқ", - деп түйіндеді сөзін Смадияров.
Еске салайық, жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также