ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 ақпан 2025 14:17
“Кете берсін, басқасын табамыз“ - Бектенов мердігерлер туралы
Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік жобалардың құнын қатаң бақылауды және олардың қымбаттауына жол бермеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бектеновтың айтуынша, кейбір мемлекеттік жобаларды алған мердігерлер үнемі қымбаттауға шағымданып хат жазады.
"Мердігерлер бар, жұмыс істеп жатыр – сол бар смета шегінде жұмыс істесін. Бұл барлық әкімшілерге қатысты. Жобаның құны өсіп кетті деп, тағы 30-40 пайыз сұрап келуді, хат жазуды тоқтатыңыздар. Ешқандай қымбаттау болмайды. Жұмыс істегісі келе ме? Жоқ болса, кете берсін, басқасын табамыз. Мұнда қатаң ұстаным болу керек", – деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу