14 маусым 2021 | 16:41

Кей шенеунік бонустардан айырылады: Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң өзгертілмек

Камила Долаева Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді алып тастауды қарастыратын түзетулер жобасын жария талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді алып тастауды қарастыратын түзетулер жобасын жария талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңға түзетулер жобасын жария талқылау 25 маусымға дейін жалғасады.

Заң жобасы ел Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленгені хабарланды.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу міндетін қойды.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі жол картасының 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңға мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді болдырмау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді", - делінген жобаны түсіндірме жазбада.

Заң жобасында тек саяси мемлекеттік қызметкерлерге бонустар белгілеу ұсынылады.

Айта кетейік, саяси мемлекеттік қызметшілерге: премьер-министр, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері және олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің кейбір қызметкерлері, Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің кейбір қызметкері, Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері, ОСК төрағасы, мүшелері, Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мүшесі және басқалар жатады. 

Сонымен қатар, заңға жаңа ұғымдар қосу ұсынылды: біржолғы ақшалай сыйақы, біржолғы ынталандырушы төлем, мемлекеттік лауазым деңгейі, сыйлықақы және функционалды блок.

Біржолғы ақшалай сыйақы - мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін белгіленетін ақшалай төлем болып табылатын көтермелеу нысаны;

Біржолғы ынталандырушы төлем - мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтойлық күндердерді мерекелеу жағдайына қарай мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге белгіленетін ақшалай төлем болып табылатын қызметкерлердің еңбегін ынталандыру нысаны;

Мемлекеттік лауазымның деңгейі - мемлекеттік лауазымның талап етілетін біліктілік деңгейін, орындалатын жұмыстың күрделілігін және жауаптылық дәрежесін ескере отырып, мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдардың ақы төлеу жүйесіндегі орны;

Сыйлықақы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;

Функционалды блок - "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының мемлекеттік орғанға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдер дайындауға бағытталу дәрежесі бойынша топтастырылған тобы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная