16 шілде 2020 | 15:34

Кейбір қазақстандыққа 42500 теңге төлемі үшін SMS жіберіледі

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір қазақстандыққа 42500 теңге төлеу үшін SMS жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір қазақстандыққа 42500 теңге төлеу үшін SMS жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цифрлық даму министрлігімен бірге біз белгілі бір санаттағы адамдарға алдын ала төлемақы беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Барлық базаны зерттедік. Әр аймақтағы шектеулерді ескере отырып, біз жағдайы өзгермеуі мүмкін адамдарды анықтадық. Олар әлі де табыссыз жүр.

Реклама
Реклама

Сондықтан, біз мұндай адамдарға SMS жібереміз, онда олардың жағдайы өзгермегенін, табыс көзін жоғалтқанын растауды сұрап, алдын ала төлем жасауымызға келісімін аламыз. Егер сіз "иә" деп жауап бергіңіз келсе, ұялы телефоныңыздағы бір батырмасын басыңыз, сонда біз бұл хабарламаны аламыз. Бұл өтінім жіберілді дегенді білдіреді. Келесі күні, жұмада портал немесе Telegram боттары арқылы өтінім жіберудің керегі жоқ", - деді Нұрымбетов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная