Кейбір қазақстандықтарға зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

"Зейнет жасына жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің автоматты (өтінішсіз) тәртібін белгілеу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Құжаттың толық мәтінімен агенттіктің интернет ресурсында танысуға болады.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – жеке және заңды тұлғалардың БЖЗҚ-ға дербес, өз еркімен төлейтін ақшасы. Жеке және заңды тұлғалар ЕЗЖ-ны өз бетінше енгізе алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама