ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2022 | 09:06
Кейінгі тәулікте 162 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кейінгі тәулікте, яғни 1 желтоқсанда елімізде індетті жаңадан жұқтырған 200 адам тіркелді. Оның ішінде, 162 науқаста ПТР талдауы оң нәтиже берді. Тағы 38 адам ПТР сынамасы теріс ковид-пневмониясы бойынша көмек сұраған.
2 желтоқсандағы жағдай бойынша, 1 205 адам (1 023 КВИ+ және 182 КВИ-) COVID-19 емделіп, оның ішінде 172 науқас стационарда, 1 033 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также