ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2021 | 08:27
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 683 адамнан COVID-19 анықталды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 8 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 8 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 683 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 977 714-ке жетті.
"Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 104, Алматы қаласында - 51, Шымкент қаласында - 12, Ақмола облысында - 64, Ақтөбе облысында - 3, Алматы облысында - 29, Атырау облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 35, Жамбыл облысында - 6, Батыс Қазақстан облысында - 20, Қарағанды облысында - 101, Қостанай облысында - 71, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 81, Солтүстік Қазақстан облысында - 83, Түркістан облысында - 4", - делінген хабарламада.
Қазақстанда 1 044 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 151, Алматы қаласында - 200, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 63, Ақтөбе облысында - 22, Алматы облысында - 37, Атырау облысында - 51, Шығыс Қазақстан облысында - 37, Жамбыл облысында – 13, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 128, Қостанай облысында - 146, Қызылорда облысында - 4, Маңғыстау облысында - 7, Павлодар облысында - 46, Солтүстік Қазақстан облысында - 129, Түркістан облысында - 10. Елімізде барлығы 945 529 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 821 764 адам, 2-компонентін 8 243 463 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат жарияланды:
2021 жылғы 8 желтоқсанда Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 159 921 адам, ️ ІІ дозасын 5 592 адам салдырды. Оның ішінде:
І компонентімен: жасөспірімдер - 128 174, жүкті әйелдер - 9 325, бала емізетін әйелдер - 22 422.
ІІ компонентімен: жасөспірімдер - 3 818, жүкті әйелдер - 497, бала емізетін әйелдер - 1 277.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также