ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2021 | 08:22
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 905 адамнан COVID-19 анықталды
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 905 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 966 423-ке жетті.
"Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 123, Алматы қаласында - 123, Шымкент қаласында - 19, Ақмола облысында - 62, Ақтөбе облысында - 13, Алматы облысында - 28, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 42, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 22, Қарағанды облысында - 131, Қостанай облысында - 89, Қызылорда облысында - 4, Маңғыстау облысында - 6, Павлодар облысында - 102, Солтүстік Қазақстан облысында - 118, Түркістан облысында - 3", - делінген ВАК хабарында.
Сонымен қатар, Қазақстанда 1 502 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
"Нұр-Сұлтан қаласында - 133, Алматы қаласында - 259, Шымкент қаласында - 44, Ақмола облысында - 70, Ақтөбе облысында - 7, Алматы облысында - 56, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 48, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 172, Қостанай облысында - 326, Қызылорда облысында - 9, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 279, Солтүстік Қазақстан облысында - 78, Түркістан облысында - 16. Елімізде барлығы 929 120 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты", - делінген комиссия хабарында.
Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 24 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 661 498 адам, 2-компонентін 7 986 343 адам салдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также