ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2022 | 12:45
Кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыра беретін уақыт емес - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыра бермеуге және ел тәуелсіздігін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыра бермеуге және ел тәуелсіздігін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы елді өзгертуге баса назар аудару маңызды екеніне тоқталды.
"Біз басты байлығымыз - Тәуелсіздікті сақтап, ұлттық болмысымыздың іргетасын нығайтып, елді өзгертуге жұмылуымыз керек. Бұл біздің ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.
Қазір саяси баррикадалар құрып, кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыратын, күмәнді шешімдерді талап ететін, қарсылықсыз талаптар қоятын, қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкерлерін сөгетін уақыт емес. Осының бәрі әлем жұртшылығының алдында халқымыздың беделін түсіреді. Қайғылы қаңтар оқиғасы еліміздің беделіне орасан нұқсан келтіріп үлгерді. Мұны мойындау керек", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также