31 желтоқсан 2019 | 09:40

Кездесіп, қарапайым тілде түсіндіру керек - Сапарбаев митингіге баспана сұрау үшін шығатындар туралы

Бердібек Сапарбаев. © Tengrinews.kz

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда жәрдемақы алатындардың ішінен мұқтаждар мен масылдарды ажырату керегін мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда жәрдемақы алатындардың ішінен мұқтаждар мен масылдарды ажырату керегін мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Масылдық пен мұқтаждықтың айырмасын білуіміз керек" деп бекер айтқан жоқ. Біз мұқтаж адамдарды табуымыз керек. "Атаулы әлеуметтік көмек" деген атауының өзі айтып тұр. Бұл - көмек, жалақы емес. Отбасыға көрсетілетін уақытша қолдау. Әлеуметтік салаға бөлінетін мемлекеттік шығын өсіп келеді. 2018 жылы үлесі 43 пайызға тең болса, биыл 45 пайызға жетті, 2020 жылы бұл лес 50 пайызға жеткізілмек", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Реклама
Реклама

Сапарбаев көпбалалы аналардың арнайы кезегі пайда болғанын еске салды. Алайда, оның айтуынша, пәтер сұрайтындардың көбі талапты орындамайтынын айтты.

"Бізге баспана беріңіздер" дейді. Бірақ баспана заң бойынша - кезекпен беріледі. Жалпы мұның бәрін олар түсінеді. Бірақ біз де оларды түсінеміз. Енді бөлек кезек жасаңыздар дейді. Біз заңға арнайы өзгеріс енгізіп, көпбалалы аналарға бөлек кезек жасақтадық, Бірақ тұрғылықты тіркеуі жоқ, 5-7 баласы барларын да кездестірдік, олар да пәтер сұрайды. Олардың көбі өткен жылы және биыл Шымкенттен, Түркістан және Жамбыл облыстарынан көшіп келген. Оларға тіркеу ережесі бар екенін түсіндіреміз, Нұр-Сұлтанда кем дегенде үш жыл тұру керек дейміз. Кейбірінің сұрағы дұрыс болды, медицина және білім беру қызметтерін көрсетуге қатысты. Шалалықтар да болды, ол мәселелерді шештік. Көшеде де, алаңда да көшеге шықтық. Соңғы кездесуім "Жанұя" орталығында өтті. Олар түсінгенін айтып, тіпті кешірім сұрағандары болды. Сөйлесуден ешқашан қорыққан емеспін, кабинетімде отырмағанмын", - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, "бәрін тегін беріңіздер" деген талап дұрыс емес.

"Шымкенттегі жағдай естеріңізде ме? Көпбалалы аналар шығып, жәрдемақы мәселесін көтерген. Шығыс Қазақстанда оралмандар шықты. Бірақ біз оларға бар жағдайды жасағанбыз: пәтер бердік, балабақша, мектеп, медициналық пункттермен қамтамасыз еттік. Тағы да "бәрін тегін беріңіздер" дейді. Моңғолия мен Қытайдан келген оралмандарға несие бердік. Олар "Кредитімізді кешірсін, әйтпесе электр тогына төлемейміз" дейді. Түсіндірдік, сосын олар сабырға келді", - деп түсіндірді ол.

"Мемлекеттік қызметте жүргеніме талай жыл болды, 1997 жылдан бастап мұндай жағдай көп болды, Қызылорда облысында Аралдағы әйелдер теміржолды жауып тастады, Мәскеу-Бішкек пойызын тоқтатып тастады, әлі күнге есімде, сол кезде де жәрдемақы мәселесі көтерілген. Олармен кездесіп, 4-5 сағатта әрең аяқтағанбыз. Нәтижесінде біріккен жұмыс тобын құрып, әр отбасымен жекелей айналысуды ұйғардық. Халықпен кездесіп, қарапайым тілде түсіндіру керек, әрбір отбасының мәселесін жекелей шешу керек. Өз көзіңмен көріп, табысын, мысалы қанша бас малы барын қарау керек", - дейді премьер-министрдің орынбасары.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная