ПОДЕЛИТЬСЯ
31 желтоқсан 2020 | 15:13
"Кезектегі орнымды сатамын". Желіде дүкендердегі қарбаластың видеосы талқыланып жатыр
Супермаркеттер маңындағы кептелістер, кассалардағы кезектер - Қазақстанда 2021 жылды қарсы алу алдында қарбалас болып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары осы қарбаластың фотосуреттері мен видеоларын таратты. Кейбірі қалжыңдап, кассадағы орнын "сатып жатыр". Tengrinews.kz жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда не болып жатқанын көрсетеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Супермаркеттер маңындағы кептелістер, кассалардағы кезектер - Қазақстанда 2021 жылды қарсы алу алдында қарбалас болып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары осы қарбаластың фотосуреттері мен видеоларын таратты. Кейбірі қалжыңдап, кассадағы орнын "сатып жатыр". Tengrinews.kz жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда не болып жатқанын көрсетеді.
31 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласының супермаркеттерінің бірінде жолда қарбалас пайда болды, қала тұрғындары жаңажылдық сауда-саттыққа барған. Кадрлардан көптеген машина көрсетілген. Куәгерлер бұл жағдай бірнеше жылдан бері байқалып келе жатқанын атап өтті.
"Әдеттегідей, жыл сайын мұнда кептелістер болады. Тағы кім азық-түлік алмады?", - деп жазады пост авторлары.
Супермаркеттердің өзінде қарбалас - қазақстандықтар кезектердің фотосуреттері мен видеоларын бөлісіп жатыр.
Желі қолданушылары бұған қатысты әзілдескен.
"Кезектегі орнымды сатамын, кассаға жақын жерде. Қымбат. Ұсыныстарды жеке хабарламаға жазыңыздар", - дейді алматылық Думан Қапасов.
Кейбір адам кезегін күтпей азық-түлікке толы арбаларын тастап кеткен.
Осындай жағдай Қарағандыдағы ірі супермаркеттерде де байқалады. Denis_denski блогында жарияланған бейнежазбалардың біріне сәйкес, үлкен супермаркеттердің бірінде кезек кіреберіске дейін жеткен. Видео 29 желтоқсанда түсірілген.
Жолдардағы жағдайға келсек, 30 желтоқсанда Қазақстанның ірі қалаларында үлкен кептелістер болды. Алматыда көлік кептелісі 7 баллға, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте 6 баллға жетті. 31 желтоқсанда күндіз республикалық маңызы бар қалалардың жолдарында көліктер азайған, бірақ кептелістер байқалады. Алматыда, Нұр-Сұлтанда кептелістер 5 баллға, Шымкентте 6 баллға бағаланады.
Қарбаласқа қарамастан, кейбір қазақстандық игі іс туралы да ұмытпайды. Мысалы, желі қолданушылары бейтаныс адамға көмектескен жүргізушінің әрекеті талқылады. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі қиын жағдайға тап болған жігітті көрген. Видео Kris.p.inline парақшасында жарияланды.
"Саин көшесіндегі бағдаршамдардың бірінде бұл жігіт жолдың жанында отырды. Ол суықтан қалтырап тұрды. BMW жүргізушісі үнсіз шығып, оған күртесін берді. Өте лайық әрекет", - деп жазды куәгерлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также