Киевте қазақстандық дипломат түсірілген видео: СІМ оқиғаны растады

Видеодан кадр

Киевте қазақстандық дипломатқа қатысты жол оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Мәселенің мән-жайы анықталған соң шара қолданылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Киевте қазақстандық дипломатқа қатысты жол оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Мәселенің мән-жайы анықталған соң шара қолданылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

"Киевте біздің елшілік қызметкерінің жол-көлік оқиғасына қатысы болғанын растаймыз және оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесі бойынша тәртіптік жазалау шаралары қолданылатынын хабарлаймыз. Біз жол ережесін бұзу туралы хаттаманы күтіп отырмыз", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 15 ақпанда қазақстандық Telegram-арналарда "шетелдегі қазақстандық дипломаттар шығарған жанжал" туралы жазба жарияланды. Жазба сипаттамасында Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері жол ережесін өрескел бұзғаны және "Зупини лося" белсенділерінің объективіне түсіп қалғаны жазылған. Қоғам белсенділері кінәліні жазалауды талап етіп, Украина мемлекеттік органдарына хат жолдады. Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная