Киіктердің жаппай қырылуы қайталануы мүмкін - министрлік

© Mgov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің жаппай қырылуы қайталануы мүмкін екенін хабарлады. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов киіктердің жаппай қырылуының себебін зерттеу нәтижесін әлі алмағанын айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
 
Комитет төрағасының айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу институты министрлікке киіктердің жаппай қырылуының алдын алу туралы ұсынысты әлі бермеген. Қазір киіктердің өміріне браконьерлерден де қауіп төніп тұр. "Жыл басынан бері осыған қатысты 54 іс қозғалды, 301 киіктің тұтас еті мен 2,5 мың мүйіз тәркіленді. 119 миллион теңге көлемінде айыппұл өтелді", - деді Нариман Жүнісов.
Реклама
Реклама
 
 
Еске сала кетейік, биыл мамыр-маусым айларында Қазақстанда 134 мың киік қырылған болатын. Киіктердің қырылуына пастереллез себеп болған.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама