ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2020 | 10:10
Кинотеатр иелері 15 миллиард теңге жоғалтқанын мәлімдеді
Кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кинотеатр иелері бизнесі құрдымға кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер карантин шаралары жеңілдегеннен кейін оларға жартылай жұмыс істеуге де рұқсат берілмегенін айтады. Залдардың бірнеше ай қатарынан бос тұруынан кәсіпкерлер банкротқа ұшыраған.
Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының мәліметінше, олар 10-15 миллиард теңгеге дейін табысын жоғалтқан. Кәсіпкерлер оларға қашан жұмыс істеуге рұқсат берілетінін нақты түсіндіруді сұрап отыр. Олар коронивирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжамның болуына байланысты кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілетініне күдікпен қарайды.
Карантин салдарынан қазақстандық кинобизнес бес жылға артқа қалыпты. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, залдар неғұрлым ұзақ бос тұрса, бизнесті қалпына келтіру соғұрлым қиын болады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлердің басым бөлігі түсініксіз жағдайға алаңдап отырғанын айтады. Олардың айтуынша, кәсіпкерлерге ешкім қалай жұмыс істейтінін және қандай жағдайға бейімделу керегін түсіндірмеген.
Қазақстандағы 92 кинотеатрдың жетеуі жабылыпты. Көптеген кәсіпкер карантиннен кейін ашыла алмайтынын айтады. Мунира Ягудина кинозалдар қандай жағдай болса да жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Егер қазанда кәсіпкерлер кем дегенде бірнеше картинаны жалға алса, бұл оларға бизнесті сақтап қалуға септігін тигізеді екен.
"Біз не істерімізді білмей отырмыз. Шын мәнінде не болып жатқанын түсінбейміз. Себебі, қазір театрлар ашық. Алайда біз ашуға ерік беретін жағдайға жетіп отырмыз. Біз не істерімізді білмей отырмыз. Адамдарға жалақы төлеу үшін кез-келген жағдайда ашылуға келісеміз", - дейді Ягудина.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также