ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2020 | 13:05
Кинотеатрлар жұмыс істемейді - вице-премьер
Коронавирусқа байланысты Қазақстандағы сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

"Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады. Ал ойын-сауық орталықтарының өзі жабылмайды", - деді Тоғжанов ОҚК брифингінде.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатыны мәлім болды.
"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также