ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2020 | 11:42
Қисықова коронавирустан айыққан науқастарға сақ болуға кеңес берді
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусынан айыққан науқастарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусынан айыққан науқастарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы өкпеге ғана емес, бүйрекке, бауырға, жүрекке және миға да кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ, өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтар пайда болады.
"Кез-келген қабыну процесі аяқталғаннан соң өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтың іздері қалады. Яғни тыныс алу жүйесі енді өздігінен ауыр жүктемелерге төтеп бере алмауы мүмкін. Өкпенің жұмысы әлсірейді. Адам коронавирустан айыққанымен ауру ұшты-күйлі жоғалмайды", - дейді Сәуле Қисықова.
Басқармасы басшысы 1-2 жылдан соң коронавирустан айыққан науқастардың қандай ауруы ушығуы мүмкін екенін айта алмайтынын, олар қауіпті індетке немқұрайлы қарамау керегін атап өтті.
"Санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып, сіз аурудан сақтана аласыз. Індетті жұқтыру қаупі төмендемейінше, маска тағып, антисептикті қолдану керек", - дейді ол.
Айта кетейік, елордада 1199 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 578 науқас айықты, 5 адам аурудан көз жұмды.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты.
Показать комментарии
Читайте также