23 шілде 2020 12:16

Қиын жағдайға дайындаламыз - Сағынтаев

© Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының тарауына байланысты қиын жағдайға дайындалатынын айттты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының тарауына байланысты қиын жағдайға дайындалатынын айттты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы бүгінде Алматыда коронавирус пандемиясының дамуының бірнеше нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты. 

Реклама
Реклама

"Күзде жағдай қандай болатынын ойланып отырмыз. Оптимистік те, пессимистік те болжамдар бар. Бірақ біз екіншісіне, яғни, қиын жағдайға дайындаламыз. Ол үшін қажет дәрі, жеке қорғаныш заттарының санын есептеу керек. Қажет жағдайда қосымша қаржы бөлеміз", - дейді қала басшысы. 

Сондай-ақ Алматы әкімі артық шығын COVID-19-бен күреске жұмсалатынын хабарлады. 

"Біз қосымша 300-350 орындық жұқпалы аурулар ауруханасын саламыз. Оған қаражат таптық. Қазір ішкі шығынды қайта қарастыру жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі мақсат - коронавируспен күрес", - деді Сағынтаев. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram