24 қаңтар 2022 | 10:53

Қиын-қыстау кезеңде еркінсінбеңіздер - Сағынтаев дүкен иелеріне үн қатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік сатушыларға жүгінді. Алматы әкімі оларды бағаны көтермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік сатушыларға жүгінді. Алматы әкімі оларды бағаны көтермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мегаполис басшысының айтуынша, 22 қаңтарда ол премьер-министр Әлихан Смайыловпен "үйдегі дүкендер" туралы сөйлескен. Сағынтаевтың айтуынша, бүгінде олар "қорғаныс аймағында" тұр, өйткені тексеруге мораторий бар.

"Біз келіп, нақтылай аламыз және бағалар да бұрынғы деңгейге оралады. Бірақ әкімдіктер бағаны реттеу туралы шешім шығара алады. Бүгін сәбіз бен күнбағыс майының шекті бағалары туралы шешім шығардық. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қалған 19 тармағы бойынша ережелер жедел әрекет етуге мүмкіндік бермейді: бір айдағы статистиканы қарап, тергеу жүргізу керек және т.б. Осы кезде уақыт кетіп қалады. Осыған байланысты премьер-министр бізді қолдап, осы ережелерге өзгерістер енгізуді тапсырды.

Сондықтан осы қиын-қыстау кезеңде (азық-түлік бағасы көтерілуіне байланысты) сауда нүктелерімізге жүгінгім келеді. Бізде осы жайттарды реттейтін құрал болады. Бағаларды белгілі бір мерзімге тоқтату туралы шешім шығарамыз. Бұл нарыққа қарсы шаралар деп айтуға болады. Бірақ нарық жағдайында түрлі келісімдер мен құқықбұзушылықтар басталса, қатаң әрекет етуіміз керек", - деді Алматы әкімі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная