КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатыр - министрлік

Дина Шарипханова Корреспондент
КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатыр - министрлік Фото: facebook.com/cpcpipe

"КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты судьясының 5 шілдедегі шешімі бойынша "КҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Үздіксіз әрекетті ескере отырып, "КҚК-Р" АҚ сотқа судья шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берді", - деді ведомство өкілдері.

Энергетика министрлігі консорциум Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен Ространснадзор бұйрығында көрсетілген құжаттық заңбұзушылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды "КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау тұрақты режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді министрлік өкілдері.

КҚК-да қазақстандық мұнайды екі айлақ арқылы жөнелту басталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама