КҚК-да қазақстандық мұнайды екі айлақ арқылы жөнелту басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/cpcpipe

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 30 маусымда Мәскеуде "Транснефть" ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚМГ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 30 маусымда Мәскеуде "Транснефть" ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚМГ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуде бірінші және екінші жылжымалы айлақ құрылғылары маңайын жарылғыш заттардан тазарту бойынша жүріп жатқан жұмыстарға байланысты КҚК теңіз терминалындағы қазіргі жағдайына айрықша ден қойылды. Онда тараптарға екінші жылжымалы аймақ маңайын минадан тазарту жұмыстары аяқталуға жақын екені, 1 шілдеден бастап мұнай құбыры екі айлақ арқылы жұмыс істейтіні айтылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте бірінші айлақ акваториясында қосымша сараптама және минадан тазарту жұмыстарын 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланғаны айтылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, наурызда Қара теңізде қатты дауыл салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі зақымданған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама