23 ақпан 2023 | 09:14

КҚК-да қазақстандық мұнайды жөнелту қайта жанданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/cpcpipe

Ауа райы жағдайының тұрақтануы Каспий құбыр консорциумына 2023 жылдың 22 ақпанында компанияның теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КҚК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауа райы жағдайының тұрақтануы Каспий құбыр консорциумына 2023 жылдың 22 ақпанында компанияның теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КҚК сайтына сілтеме жасап.

"Мұнай өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтағы айлақ қондырғылары арқылы жөнелтіледі. ТЛУ конструкциясы мұнайды құрлықта тиеудің дәстүрлі жүйелері қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты операцияларды тоқтатуға мәжбүр болғанда, ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте компания ТЛУ-ға ауа райына қатысты шектеулер қолданылатынын атап өтті. Мысалы, ТЛУ-да арқандап байлау жұмыстары және шлангтарды танкерге көтеру теңіз толқындары 2,5 метрге дейін және желдің екпіні секундына 23 метрден аспайтын кезде жүзеге асырылады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная