ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2022 | 15:28
Кім екеніне және лауазымына қарамастан - Ақордада Қазақстанға активтерді қайтару туралы мәселе көтерілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігіне заңсыз жолмен алынған активтерді іздеуге баса назар аударуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігіне заңсыз жолмен алынған активтерді іздеуге баса назар аударуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысына қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "Тариф" жобасы бойынша коммуналдық қызметтердің 17 миллиард теңгеге өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін 1,3 миллион азаматтың негізсіз шығынына жол берілмеді. 13 іс қозғалды (сумен жабдықтау - 8, газбен жабдықтау - 3, жылумен жабдықтау - 2).
Президент жариялаған Балалар жылы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, "Қамқор" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қорғауға бағытталған. Нәтижесінде, 45 іс бойынша 800 жетім баланың құқығы қорғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керек екенін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также