ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2024 | 12:06
Кім үлгереді, сол жейді: Ақтаудағы балабақша басшылығы тамақты үнемдегені үшін кешірім сұрады
Маңғыстау облысының Білім басқармасы Ақтаудағы балабақшада 12 бала бар топқа небәрі бес порция тамақ берілгені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau порталына сілтеме жасап.

"Таңғы ас кезінде № 7 топтың тәрбиешісі балаларға жеткілікті тамақ бермегені анықталды. Ол бұл әрекетін, бұрын балалар таңғы асты үнемі ішпегенін және тамақ қалып қоятынын айтып түсіндірді. Сондықтан оны кішкене порцияға бөліп салған. Тәрбиешіге қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Балабақша басшылығы ата-аналардан кешірім сұрады", - деп хабарлады облыстық Білім басқармасы.
Еске салайық, бұған дейін желіде Ақтаудағы балабақшалардың бірінің видеосы тараған болатын. Балалардың ата-аналары үстелге топтағы балалармен салыстырғанда екі есе аз тамақ қойылғанына ашуланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также