ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2024 | 10:12
ҚМА: бензинді теміржол цистерналарымен тасымалдау деректері бар
Қаржылық мониторинг агенттігінде шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша ведомствоаралық кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржылық мониторинг агенттігінде шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша ведомствоаралық кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеңес жұмысына ІІМ, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметінің, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген ЖЖМ ағындары мен "сұр" экспортының күшею қаупі бар. Баға айырмашылығынан ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады. Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетілетіні айтылды.
"Сондай-ақ, жағармай құжаттарға жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау деректері кездеседі. Осыған байланысты жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша одан әрі бірлескен шаралар талқыланып, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын жалғастыру үшін, ЖЖМ заңсыз айналымын азайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шараларды өткізу ұсынылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің мұнай өнімдерінің "көлеңкелі" айналымын төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесінде автомобиль және теміржол көлігімен ЖЖМ заңсыз өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау деректері анықталып, тергеліп жатыр.
Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы құны 900 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также