ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2024 | 17:30
ҚМА Боранбаевтың активтері туралы мәлімдеме жасады
Қаржы мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруі жалған болғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды. Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өткізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан шықты.
Ал наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған еді. Деген қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.
16 қазанда Қайрат Боранбаев Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырғаны белгілі болды. Аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также