04 шілде 2023 | 09:45

ҚМА бұқаралық спортты дамытуға бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша тергеуді бастады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қаржы мониторингі агенттігі бұқаралық спортты дамытудағы 21 қаржы жымқыру дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы мониторингі агенттігі бұқаралық спортты дамытудағы 21 қаржы жымқыру дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2023 жылдың 6 айында ғана Агенттікте жалпы сомасы 269,3 миллион теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 миллиард теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная