ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2023 | 12:08
ҚМА Жамбыл облысындағы The Finiko қаржы пирамидасының схемасын әшкереледі
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласының аумағында "The Finiko" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласының аумағында "The Finiko" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар "Thefiniko.СОМ" бағдарламасы арқылы салымшыларды (инвесторларды) тартқан.
"Олардың қаражатына (крипто валютасына) әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті жүзеге асырып, кейіннен кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды. 2021 жылғы шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "The Finiko" жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
"The Finiko" қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также