ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2024 | 10:04
ҚМА Қазақстанға жүк көліктерін әкелудің қылмыстық схемасын ашты
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 миллион теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 миллион теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданған. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также