ҚМА өкіліне Боранбаев пен басқа да олигархтардың мүлкі туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Аптаның басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың түрлі активтерін қайтарғанын хабарлады. Мәжіліс кулуарында журналистер агенттік төрағасының жуырда ғана тағайындалған орынбасары Дмитрий Малаховтан мұның немен байланысты екенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА төрағасының орынбасары Боранбаевтың өз активтерін осылайша кезеңдеп қайтаруын жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі деп атады. Сонымен қатар, Малахов сотталған кәсіпкердің мемлекетке қайтаратыны әлі бар екенін айтты. Бұдан кейін Боранбаевтың жазасы жеңілдей ме деген сұраққа Малахов бұл соттың құзыреті екенін айтты.

Сондай-ақ, ҚМА төрағасы орынбасарынан басқа олигархтардан активтерді қайтару қашан жүргізілетінін және заңсыз алынған активтерді қайтару есебінде Боранбаевтан басқа кімдер тұрғаны сұралды.

Реклама
Реклама

"ҚМА жұмысының ерекшелігіне байланысты бұл адамдар бізге белгілі, сондай-ақ олардың иелігіндегі, соның ішінде шетелдегі мүліктері де белгілі. Белгілі бір тұлғалар бар әрбір қылмыстық іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Малахов қысқаша.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама