18 тамыз 2023 | 12:02

ҚМА Ұлытау облысында мемлекет мүлкін ұрлау ісін тергеуді аяқтады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында орналасқан 13 мың метрден астамын құбырдың ұрлануына қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында орналасқан 13 мың метрден астамын құбырдың ұрлануына қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 миллион теңгеден аса мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған ер адам коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Реклама
Реклама

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная