ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық“ қоры 2024 жылы жасалған жұмыстардың есебін ұсынды

Қордың негізгі мақсаты – білімі мен кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндігі жоқ, күнкөріс қамын ойлап, шарасыздықтан қайыр сұрауға мәжбүр болғандарға көмек көрсету. Мұндай адамдарға балық қана емес, қармақ та беру – аз қамтылған жандардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне, жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру болып табылады.

Қордың негізгі мақсаты – білімі мен кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндігі жоқ, күнкөріс қамын ойлап, шарасыздықтан қайыр сұрауға мәжбүр болғандарға көмек көрсету. Мұндай адамдарға балық қана емес, қармақ та беру – аз қамтылған жандардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне, жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру болып табылады.

Қордың ең ауқымды жобаларының бірі "Ел үлесі-пәтерге" жобасы аясында 803 пәтерге аса мұқтаж көпбалалы отбасы, мүгедек жандарға және дін қызметіндегі имам-ұстаздарға баспана кілттері табысталды.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау бойынша Қордың маңызды жобаларының бірі - "Өмірге үміт сыйла" жобасы аясында 125 балаларды оңалту орталығына 500-ден астам бизиборд табысталды. Одан бөлек бірқатар орталықтар 5 логопедиялық үстелмен және "Арнау" сенсомоторлы интеграцияны дамытуға арналған арнайы тренажерлармен жабдықталды.

Биыл аз қамтылған отбасылар қазақтың ұлттық ойын, салт-дәстүрі, киімдерімен танысып, олармен суретке түсіп, садақ атуға мүмкіндік беретін "Дәстүр" этноауылы ашылды.

Биылғы су тасқыны кезінде Зекет қорының еріктілері 84 фура, 150 газель және 1 вагон материалдық көмекті жинауға көмектесті. Олардың көмегімен 2000-нан астам зардап шеккендер мен құтқарушыларға ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Жаңа жоба "Zeket HUB" қайырымдылық орталығында мұқтаж отбасыларды тұрақты түрде қайырымдылық көмекпен қамтамасыз ету және кәсіпке баулу мақсатында іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Биыл "QAZ-QATAR" құрастырылмалы тауық фермалар жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда Ақмола және Түркістан облыстарында құрастырмалы тауық фермалары жұмыс істейді, онда біз 5000-нан астам үй тауықтары өсірілді.

Біздің реквизиттер:

  • БИН 110540000991
  • Астана қаласы, Қарасаз көшесі, 3 үй
  • кБе 18
  • ИИК KZ208560000005121039
  • БИК KCJBKZKX АО "Банк ЦентрКредит"
Tengrinews
Жарнамалық материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама