Кімдер жеңілдетілген салық режимімен қоштасады? Вице-министр құжат қашан жарияланатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
ЖИ көмегімен жасалған кескін

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінде жұмыс істеуге тыйым салынатын немесе рұқсат етілетін қызмет түрлерінің, яғни ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi) тізімдерін жариялау жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, құжат ертең 26 қыркүйекте жариялануы мүмкін.

"Жұмада legalacts.egov.kz-ке шығаруға тырысамыз. Ресми баспасөз хабарламасы болады. "Ашық НҚА" порталында кез келген адам өз пікірін, ұсынысын жазып немесе "маған тізімді беріңіздер" деп айта алады. (...) Бұдан бөлек, бұл тізімді Ұлттық экономика министрлігі сайтында да орналастырамыз. Не ертең, не келесі аптаның басында жарияланады", – деді Әмрин 25 қыркүйек, бейсенбіде Сенат кулуарында.

Реклама
Реклама

Вице-министр тізім туралы нақтылаған жоқ, жарияланымды күте тұруды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылы "жеңілдетілген" режимнен айырылуы мүмкін ЭҚЖЖ (ОКЭД) түрлерін атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама