07 қараша 2018 16:25

"ҚМГ Өнімдері" бас директорына қандай айып тағылды?

Видеодан алынған кадр

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Youtube хостингіндегі ресми арнасында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзиннің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол қоластындағы қызметкері "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-тың ШҚО бойынша филиалының директоры міндетін атқарушыдан оның қызметіне болысқаны үшін 4,3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толықтай мойындауына байланысты екеуіне қатысты кепілге алу түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Реклама
Реклама

Бастарованың айтуынша, кепілдің сомасы - 5 миллион теңге.

Осыған дейін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзиннің 3 қарашада кепілмен босатылғаны хабарланған болатын.

Қуандық Құлмурзин "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС басқарма төрағасы болып 2017 жылдың 12 қазанында тағайындалған. Мұның алдында ол Мұнай және газ министрлігінде Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметінде болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram