01 желтоқсан 2022 | 08:45

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады - премьер-министр Екібастұздағы ТЖ туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат болған Екібастұз қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат болған Екібастұз қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ЖЭО-дағы ахуалмен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің м.а. Ә.Сқақов пен "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры м.а. В.Лесиннің баяндамаларымен танысқан Премьер-министр төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап арнайы жедел штаб құрылғанын және апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті мамандар тартылғанын атап өтті.

"Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Үкімет басшысының айтуынша, жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.

Премьер-министр қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын айтты.

Бұдан басқа, ЖЭО тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны жаңғыртуға және қалалық жылу желілерін жаңартуға инвестициялар салу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

"ЖЭО немесе жылу желілерінде оқыс жағдайлар орын алған Өскемен, Рудный, Риддер және басқа қалалардың тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселелері де бақылауда", - деді Әлихан Смайылов.

Жұмыс сапары аясында Премьер-министр қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты және жылусыз қалған үйлердің бірінің тұрғындарымен сөйлесті.

Үкімет басшысы әкімдікке халықпен тұрақты кері байланыс орнатып, әлеуметтік желілер мен "жедел желі" арқылы түсетін қала тұрғындарының барлық сұранысына жедел жауап беру қажет екенін айтты.

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная